Дене шынықтыру және спорт

Дене шынықтыру және спорт басқармасының
2012 жылғы І жарты жылдық есебі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қараша айының № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру мақсатында және облыста 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары негізінде жұмыстар жүргізілді.
Облыс бойынша І жартыжылдықта 1306 спорттық-бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде ауылдық жерлерде 686 өткізіліп, 140250 адам тартылды (63540). Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың санының орнықты өсуі байқалады.
Ақтөбе облысында дене шынықтыру және спорт басқармасы «Намыс» спорттың ойындық түрлері клубын» ашты.
«Ел Қайраты» дене тәрбиесі-спорттық ауылдық қоғамы құрылды.
2012 жылдың балалар және жасөспірімдер арасында 54 спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары және спорт түрлері бойынша 65 облыс чемпионаттары өткізілді, Ақтөбе қаласында 6 ҚРЧ өткізілді.
І-ші жартыжылдықта 10 адам «Спорт шебері», 67 адам «Спорт шеберлігіне үміткер», 47 адам І-ші спорттық санат орындады.
2012 жылғы ХХХ жазғы Лондон олипиадасына Ақтөбе облысынан ауыр атлетика спорт түрінен Фархад Харки, жүзуден Александр Тарабрин (100 және 200 метр, 4х10 эстафеталық жүзу) жолдама алды.
Қысқы спорт түрінің болашақта дамуын іске асыру мақсатында қазіргі заман талабына сай келетін 1 мұз айдыны, 1 хоккей корты салынады деп жоспарлануда. Тұрғындар және балалар арасында 4 спорт түрінен (шаңғы жарысы, спорттық бағдарлау, президенттік көп сайыс, спорттық жанұя) 18.02-22.03 аралығында І-ші қысқы ауылдық спартакиадасы өтті. Оған барлық спорт түрлерінен 8 аудан қатысты (Хромтау, Алға, Мұғалжар, Мартөк, Ақтөбе, Темір, Қарғалы,Қобда).
Мәнерлеп сырғанау спорт түрін облыста дамыту мақсатында 27-29 ақпан аралығында облыс чемпионаты өткізілді.
Сонымен қатар, каратэдодан 18-19 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында әлем чемпионы Әшім Қалидың жүлдесі үшін каратэдодан дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Оған 11 команда қатысты, барлығы 250 адам. І-ші командалық орынды – Шымкент қаласының командасы ие болды, ІІ - ші командалық орынды Ақтөбе облысының командасы алды, ІІІ-ші орынды Жамбыл облысының командасы алды.
«Ақпан айшықтары-2012» спорт бийден қалааралық турнир өтті. Оған Орал, Астана, Алматы, Байқонур, Рудный, Кокшетау, Шымкент, Ақтөбе, Новотроицк, Орск, Оренбург қалаларынаң спортшылар қатысты. Ақтөбе бийшелері 3 алтын, 1қола медальдарға ие болды.
24-26 ақпан аралығында қазақ күресінен ҚРЧ өтті. Барлық облыстардан 200 астам адам қатысты. Ақтөбе спортшылар 1 алтын (Т.Жолмуханов), 1-күміс (Н.Досмағамбетов), 2 қола (Е.Қойшибаев, Н.Беқарыстанов) медальдарға ие болды.
Халықаралық турнирлерді ұйымдастыру және өткізілуіне осы спорт түрлері бойынша спорт федерациялары, қоғамдық бірлестіктер тартылып, өте жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықпен өткізіледі.
12-17 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында бильярдтан ҚРЧ ұйымдастырылды. 71 спортшы қатысты, біздің жерлесіміз Туменов Азат І орынға ие болды, «спорт шебері» атағын растады.
22 наурыз мейрамының қарсаңында облыс бойынша 19 спорттық- бұқаралық іс-шара өткізілді. Оның ішінде: «Спорттық жанұя» атты облыстық сайыс, тұрғындар арасында арқан тарту, гір көтеру, тоғызқұмалақтан және бәйгеден жарыстар өтті.
28-31 наурыз Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Әлем чемпионы Галиб Джафаровтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында ІІІ халықаралық турнир өтті. Оған: Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, қазақстан командалары қатысты. Салтанатты ашылуы рәсіміне облыс әкімінің орынбасары С.Нұрқатова қатысты. Жалпы І орынды Қазақстан құрамы командасы алды, ІІ орын –Әзірбайжан, ІІІ орынға – Ресей командасы ие болды.
6 сәуір күні «Химик» СС дүние жүзілік денсаулық күніне арналған спорттық шара өткізілді. Онын ішінде эстафета, және шынығу-жаттығу өтті. Осы шараға каратэ-додан Әлем чемпионы Әшім Қали өз шеберлігін көрсетті. Шараға 200-ден астам қарт адам қатысты.
7-8 сәуір аралығында «Қоныс» спорт сарайында панкратионнан ҚРЧ өтті. Жарысқа 8 облыс командалары қатысты.
19 - 24 сәуір аралығында Ақтөбе қ. Қ.Жұбанов атындағы СС үстел теннистен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Бұл шараға 11 қалалардан командалар қатысты. Ақтөбе облысының командасы жалпы командалық -ІІІ орын алған.
1-9 мамыр күндеріне арналған – облыс бойынша бұқаралық 46 спорттық іс-шара өткізілді.
5 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне арналған облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің директорлары арасындағы эстафеталық жарысы өтті. Бүл іс-шараның мақсаты: мекеме басшыларының арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту,жас спортшыларға үлгі болу.
9 мамыр күні облыс әкімінің жүлдесі үшін, Ұлы Отан соғысына арналған ат спорттынан жарыс өтті. Атшабардағы шараға 120 спортшы қатысты, оның ішінде Орынбор, Қызылорда, Орал қалаларынан. Аламан бәйгеде бас жүлде-автокөлікті Қызылордалық спортшы ие болды.
12-13 мамыр аралығында Қандыағаш қаласында облыстық ардагерлер арасындағы бағдарлама бойынша гір көтеруден, қол күрестен жарыс өтті. 10 ауданынан және Ақтөбе қаласынан спортшылар қатысты.
19 мамырда № 8 ОБЖСМ –де Қазақстанда Олимпиада күні өтті.
Ақтөбе облысында жарысты ұйымдастырушылар - Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы және облыстық мәдениет, денсаулық сақтау басқармалары. Ақтөбе облысы бойынша Олимпиада күніне арналған іс-шара барлық аудандарда және Ақтөбе қаласында өттіі. Іс-шара барлық қатысушыларға арналған дене шынықтыру жаттығуымен басталды. Оны каратэ-додан Әлем чемпионы Әшім Қали және спорт ардагері Владимир Кореньков өткізді.
Сондай-ақ жасөспірімдерге арналған бозбалалар мен бойжеткендерге 400 және 800 метрлік, 2400 метрлік – ерлер және әйелдер арасындағы президенттік миля өтті. Олимпиада күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Роггенің қолы қойылған сертификат табысталды. Олимпиада күніне дене мүмкіндігі шектеулі адамдар және мерекені қолдауға облысымыздағы атақты спортшылары және ардагерлері қатысты. Олимпиада күнінің биылғы ақпараттық демеушілері: «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасы, «Шамшырақ Ақтөбе» АШС, «Спорт жұлдыздары» газеттері.
2012 жылдық 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп, қаламыздың аз қамтылған отбасыларына арнап «Мега-Ақтөбе» СОО аумағында «Мен және менің үлкен отбасым», «Денсаулыққа 20 қадам» атты спорттық сайыс өтті.
Сондай-ақ аталмыш іс-шараның өткізілуіне «Мега-Ақтөбе» ойын-сауық орталығы, Қазақстан болашағы үшін Ақтөбе облысының жастар бірлестігі, қаламыздың №30 орта мектебі, № 1 балалар музыка мектебі, облыстық халық шығармашылығы үйі және №11 балалар-жасөспімдер спорт мектебі өз қолдауларын көрсетті.
Аталмыш шараның мақсаты:
- жас жеткіншектерге 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні екенін сезіндіру, жас буынды салауаттылыққа, спортқа тәрбиелеу,
- сондай-ақ, отбасылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және отбасылық құндылықтарды сақтау.
Және де, аталмыш іс-шараның бірден-бір ерекшелігі: ол сайысқа қатысушы әр отбасының кем дегенде 8-14 жас аралығындағы 3 баласының ата-анасымен бірлесіп сайысқа қатысты.
Сол күні «Мега- Ақтөбе» СОО ауласында кешкі сағат 18-00 –дан-21-00-не дейін «Жұдырықтасу» ұлттық спорт түрінен облыстық ашық чемпионатына өткізілді. Бұған 45 спортшы қатысты.
4 маусымда Қазақстанда мемлекеттік рәміздер күні.
Осыған байланысты аталған күні сағат 10-00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта қалалық акция өткізілді. Оған ОБЖСМ оқушылары қатысып Қазақстан Республикасының гимнін жанды дауыста орындады.
8 маусымда «Нұр-Отан» ХДП қолдауымен «Нұр-Отан-За будущее Казахстана» атты акцияға арналған женіл атлетикадан кросс өтті. Шараға денсаулықтары шектеулі адамдар және студентттер, спортшылар қатысты. Спортшылардың атынан құттықтау сөз гір спортынан 11 дүркін Әлем чемпионы Евгений Гончаровқа берілді.
Ардагерлер арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті. Бұл іс-шара 13 спорт түрінен өткізілді. Тоғызқұмалак, үстел теннис, волейбол (аймақтық), шахмат, дойбы, қазақ күресінен жарыстар Шалқар, Әйтекеби, Алға, Ырғыз, Темір, Мартөк, Байғанин аудандарында және суға жүзу, женіл атлетика, президенттік көпсайысы Ақтөбе қаласында өтті. Жалпы І-ші командалық орын Ақтөбе қ, ІІ-ші орынды-Байғанин, ІІІ –ші орынды –Темір аудандары иеленді. Қарғалы ауданы 3 спорт түрінен, Қобда ауданы 2 спорт түрінен қатысып өте төмен нәтиже көрсетті.
16-17 маусым аралығында «Қоныс» спорт сарайында дзюдодан ҚРЧ өтті. Бүл жарысқа 16 команда яғни 500-ден астам спортшы қатысты. Ақтөбе спортшылары 4 алтын, 2-күміс, 5-қола медальдарын иеленді.
22 маусымда қазақ күресі бұқаралығы мен танымалдығын арттыру мақсатында қазақ күресінен «Қазақстан барысы» Ақтөбе облысының чемпионатын өткізді. Женімпаздар мен жүлдегерлер республикалық «Қазақстан барысы» жарысына жолдама алды.
27 маусым -2 шілде аралығында «Қоныс» СС ушу спорт түрінен ҚРЧ өтті және 27.06-1.07 шілде аралығында муатай спорт түрінен ҚР кубогі өтті.
.